Алматы қаласы ҚАЖ департаменті сотталған балалармен кездесті

Алматы қаласы ҚАЖ департаменті сотталған балалармен кездесті Сурет: Polisia.kz

Мамандар оларға теріс діннің зиянын түсіндірді.


Алматы қаласы “Білім және жаңа инновация технологиясы” орталығы жуырда Алматы қаласы ҚАЖ департаменті №11 мекемесіндегі сотталған балалар арасында арнайы дәріс өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Дәріс кезінде Алматы қаласы діни басқармасы жанындағы кеңес беру және оңалту орталығының теологы, дін тану магистрі Айбар Қойшыбаев діни сауаттылықты артыру мақсатында балаларға діни теріс ағымның зияны мен одан сақтанудың жолдары туралы әңгімеледі. Іс-шараға Алматы қалалық прокуратурасы мен ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдері қатысты.


Сондай-ақ №11 мекеменің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы Ш.Жарлыкасова мен мекеменің жедел аға уәкілі Н.Жиенбеков сөз сөйлеп, теріс діни ағымдардың айрықша белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері туралы айтты. Теолог-сарапшы Айбар Қойшыбаев конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін құқықтық сананы, отбасы мен қоғамдағы толерантты дәстүрлерді бекітудің, халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол сотталған балалардың сұрақтарына жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03