Алматы полициясы есірткі сатушыны ұстау үшін арнайы іс-шара жүргізді

Алматы полициясы есірткі сатушыны ұстау үшін арнайы іс-шара жүргізді Сурет: Polisia.kz

Бұл жолы есірткі қылмысымен күресушілердің назарына 29 жастағы Алматы тұрғыны түсті.


Оның қылмыстық әрекеті жедел және арнайы іс-шаралар нәтижелері барысында расталды.



«ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы Ж.есімді азамат ұсталды. Оның көлігін рұқсат етілген тінту кезінде жол сөмкесінен ақ ұнтақ заты бар 12 түссіз байлам табылды және тәркіленді. Ж.есімді азамат тәркіленген заттың мефедрон есірткі заты екенін айтты. Ер адам есірткіні жасырын қойып кетумен айналысатынын мойындады», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11