Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған Сурет: Ken-zhyloi.kz

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қарасай (137,2), Еңбекшіқазақ (114,1), Талғар (70,5), Іле (54,2) аудандарында тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz




«Айта кету керек, сырқаттанушылықтың басым бөлігін, яғни, 86%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Оның ішінде, сырқаттанушылықтың 5 жасқа дейінгі балалар арасында таралу жиілігі 85%-ды (жоғары) құрады. Кәсіптік құрамына келсек, 56% ұйымдастырылмаған балаларға, 18% мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешіленулеріне, 13% мектеп оқушыларына,1% медициналық қызметкерлерге, ал 12% басқа топтарға келеді», - деп атап өтті департаменттен. 




Ведомстводан атап өткендей, қызылша ауруымен ауырып жатқандардың 85%-ы екпе алмағандар болып шықты.




«Қызылшадан жалғыз тиімді қорғаныс – ол вакцинация. Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация баланың 1 және 6 жасында жүргізіледі. Қызылшаға қарсы вакцинация үшін қызамық пен паротитке қарсы компонентпен біріккен вакцина қолданылады»,- деп хабарлады Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32