Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі сейілген жоқ

Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі сейілген жоқ Cурет: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысының тауларында 15 – 18 сәуір күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады.



Қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейге шықпауды сұрап, таулы жерде бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қардың мол түсуіне байланысты болады», - деп ескертті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.




Синоптиктердің болжауынша өңірде ауа температурасы +18 градусқа дейін күн жылынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52