Almaty Finance кезекті шағын өнеркәсіп паркінің құрылысын қаржыландырды

Almaty Finance кезекті шағын өнеркәсіп паркінің құрылысын қаржыландырды Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы ӘКК-нің еншілес ұйымы "Almaty Finance" ЖШС "Almaty Business-2025" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде шағын өнеркәсіп паркін (ШӨП) салу жөніндегі кезекті оныншы жобаны қаржыландырды.


Шағын өнеркәсіп паркі – бұл шағын және орта бизнес өндірістерін іске қосуға арналған аумақ, онда кәсіпкерлерге коммуникациялары жүргізілген дайын орын-жайлар беріледі.

Жаңа ШӨП "Corporation M&A" ЖШС-мен қаланың өнеркәсіпті дамыту үшін арнайы бөлінген аумағы - Алматының индустриялық аймағында салынатын болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жобаны іске асыру мерзімі - 2025 жылғы қаңтар. ШӨП екі өндірістік ғимараттан тұрады. Объектілердің жалпы ауданы шамамен 3,2 мың м2 құрайды.




"Осындай маңызды инфрақұрылымдық объектінің құрылысын қолдау ШОБ-ты өндірісті іске қосуға дайын жерде орналастыруға мүмкіндік береді. Алаңдар бизнеске жеңілдетілген шарттармен жалға беріледі – м²  үшін 1 350 теңгеге дейін. Сондай-ақ оларды м² үшін 180 000 теңге бағамен кейіннен сатып алуға жол беріледі. Жаңа ШӨП-те шамамен 300 жаңа жұмыс орнын ашатын 5 кәсіпорын жұмыс істей алады деп күтілуде", - деп атап өтті "Almaty Finance" ЖШС Басқарма Төрағасы Айғаным Сүлеева.



 
"Almaty Finance" ЖШС Алматыдағы ШОБ субъектілеріне жылдық 2%* немесе 6%* мөлшерлеме бойынша жеңілдікті қаржыландыруды ұсынатынын атап өтеміз. Несиелеудің мақсаты - жаңа өндірістер құру және айналым қаражатын толықтыру.  Қарыздың ең жоғары сомасы – 500 млн теңге. Мерзімі-7 жылға дейін.

Almaty Finance несиелеу бағдарламасы "Almaty Business-2025" аясында жүзеге асырылады.

Толығырақ "Almaty Finance" ЖШС туралы +7 (727) 222-01-50 нөмірі бойынша немесе https://almatyfinance.kz/ сайтынан біліңіз.


Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:27

09:57

09:48

09:45

09:35

09:31

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11