Алматы әкімінің креативті экономика жөніндегі кеңесшісі тағайындалды

Алматы әкімінің креативті экономика жөніндегі кеңесшісі тағайындалды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кеңесшілік қызметке келген Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туған.


Ернар Құрмашев Алматы қаласы әкімінің штаттағы креативті экономика жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Ернар Құрмашев Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ін тәмамдаған, New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен. Kazakhstan Computer Graphics ЖШС басшысы, Astana Film Fund кинокомпаниясының директоры, Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеген.


 Алматының мәдениет басқармасының басшысы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы болды.



 «Томирис», «Анаға апарар жол», «Каникулы off-line», «Районы», «Бизнесмендер» сияқты бірқатар қазақстандық фильмдердің продюсері ретінде жұмыс жасады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:37

19:48

19:09

18:56

18:03

17:45

17:30

17:15

17:04

17:02

16:47

16:37

16:33

16:27

16:23

16:11

15:48

15:45

15:11

15:01

14:51

14:12

14:11

13:35

13:25