Алматы әкімі Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қала тұрғындарымен кезекті кездесуі Бостандық ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және өткен жылы тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 200-ден астам адам келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бостандық ауданы үшін ең өзекті мәселелер – инженерлік коммуникацияларды жаңғырту, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық кеңістіктерді құру және жалпы ауданды абаттандыру.



Өткен жылы ауданда Ерғожин, Ганди, Ғабдуллин, Могилевский, Сәтбаев көшелерінде және "Орбита-4" шағынауданында 1,6 км жылу желілері қайта жаңартылды. Электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төсеу аяқталды. Бүгінде «Алмагүл» қосалқы станциясына электр қуатын беру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың маусым айында қосалқы станция іске қосылса, онда  ауданның 200 мыңға жуық тұрғыны электр энергиясымен үздіксіз  қамтамасыз етіледі.



Жалпы, Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді жеткізу сапасын арттыру үшін 2023 жылы 26,5 км инженерлік желілерді қайта жаңарту жоспарланған. Қабылданған шаралар ауданның 150 мыңға жуық тұрғынын сапалы сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Ауданның мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығы проблемасын жүйелі шешу үшін 8600 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сондай-ақ 400 орындық 8 жекеменшік балабақша салу жоспарланған.


«Жайлы мектеп» жобасы бойынша 4200 орындық 3 мектеп салу жоспарлануда. Құрылыстың басталуы ағымдағы жылдың қыркүйегіне жоспарланған.



Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін осы жылдың наурыз айында балаларға шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімінің корпусы мен 300 адам келетін әйелдер консультациясының перзентхана бөлімінің құрылысын аяқтау қарастырылуда.Бұдан басқа, ағымдағы жылы 5 денсаулық сақтау нысанын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобалануда.



Ауданда жол инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып қала береді. Өткен жылы ұзындығы шамамен 23 км болатын 22 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден асатын 65 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы ұзындығы 15,5 км болатын 31 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда, сондай-ақ Есентай өзені арқылы өтетін көпірді 2 жаяу жүргіншілер көпірі құрылғыларымен және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандустармен қайта жаңарту жүргізіледі. Нысан бойынша ЖСҚ ақпан айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.



Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 15 көлік бағытында (212 жаңа автобус) жылжымалы  состав жаңартылды.



Ауданда үнемі су басып қалатын орындар мәселесі белсенді түрде шешілуде. ТЖ желісі бойынша осы мәселені жедел шешу үшін өткен жылы коллекторларды, арналарды қалпына келтіру және арық желісін салу жұмыстары басталды. Ауданда су басуға бейім 16 учаске анықталды. Бүгінде  913 м арық желілерін қайта құру және салу есебінен 5 учаске жойылды. Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін Тимирязев пен Айманов көшелерінің қиылысында тағы 1 учаске реттеледі. Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жойылады.



Бейнебақылау жүйелерінің желісін кеңейту үшін 2022 жылы ауданда 301 бейнебақылау жүйесінің камерасы орнатылды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жаңа АӨСШК бейнекамераларын (шамамен 700-800 бейнекамера) орнату үшін мекенжайлар тізімі қосымша дайындалады.


Әкіммен өткен тұрақты кездесулер барысында тұрғындар жайлы қалалық ортаны дамыту жөнінде тілектерін білдірді. Тұрғындардың жайлы тұруы үшін қоғамдық кеңістіктің 3 нысанын абаттандыру жоспарлануда. Жаңа жобалардың қатарында ұзындығы 7,1 км Үлкен Алматы өзенінің жағалауы бар.



«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында өткен жылы 800 млн. теңге сомасына 21 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында тұрғындардың өтінімдері бойынша 17 жоба іріктелді. 6 қоғамдық кеңістік жабдықталады, 10 спорт және ойын алаңы салынады, сондай-ақ 1тереңдетілген контейнер алаңы орнатылды.



Алматы әкімімен кездесу барысында аудан тұрғындары жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53