Алматы әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесті Суреттерді түсрігне - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Алмалы ауданында өтті.


Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 250-ден астам адам келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау мәселесі өзекті болып қала береді. Ауданды тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін өткен жылы 58,5 шақырым электр желісі ауыстырылды, 60 қосалқы станция қайта жаңартылды. Биыл тағы 50 шақырым желіні жаңарту, 28 қосалқы станцияны жөндеу жоспарлануда. Бұл ауданның электр желілерінің орташа тозуын 81%-дан 61%-ға дейін төмендетеді.



Сондай-ақ, ауданда 7 шақырымға жуық су құбыры және кәріз желілері жаңартылып, салынады, 1 шақырымнан астам жылу желілері жөнделеді.


Өткен жылы жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 15 км 18 көшеде орташа жөндеу жүргізілді. 2023 жылы жалпы ұзындығы 16,6 км 26 көшеде жол төсемін орташа жөндеу жоспарланған.Өткен жылы азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауданда 2 автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді, 10 аялдама орнатылды. Ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін тағы 7 аялдама кешенін орнату жоспарлануда.


Ауданда қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы ауданда бейнемониторинг жүйесінің 541 бейнекамерасы орнатылған. 700-ден астам қосымша бейнекамера орнату жоспарлануда.


Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында қолданыстағы 178 «Сергек» кешеніне 2023 жылдың бірінші тоқсанында тағы 38 кешен қосу жоспарлануда.


Сыртқы жарықтандыруды орнату және жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы бұрын жарыығы болмаған 14 көшеде 13.8 км сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталды және Байтұрсынов пен Розыбакиев көшелерінде 7,2 км сыртқы жарықтандыру модернизацияланды. Ағымдағы жылы СЖЖ құрылысына ЖСҚ әзірлеу үшін жарықтандырылмаған 10 көшенің тізбесі дайындалды.


Әкімдіктің тұрақты бақылауында ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелері тұр. Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін өткен жылы 2 мектепке 850 орындық 2 қосымша нысан енгізіліп, 850 орындық жеке мектеп ашылды.


«Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 1,5 мың орындық жаңа мектеп салуды бастау және оны 2024 жылы іске қосу жоспарлануда.


Сондай-ақ, екі мектептің әрқайсысына 300 орындық қосымша құрылыстар салу жобалары әзірленуде. Шілде айында № 15 гимназияны сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталады және тамыз айына дейін № 136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейтуге ЖСҚ әзірленеді.


Мектепке дейінгі білім беруді дамыту үшін өткен жылы 290 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылып, № 7 балабақшаны сейсмикалық күшейту аяқталды. Сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу ағымдағы жылдың күзінде тағы бір балабақшада аяқталады.


Медициналық қызмет көрсетудің, әсіресе, аға буын мен балалардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратын заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ретінде қайта жаңарту басталады. Орталықтың өзі келесі жылы ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жобасы әзірленетін болады.



Алматы әкімі 2023 жылы әкімдік ауданның 77 ауласын ретке келтіретінін хабарлады. Қоғамдық кеңістікті өзгерту жұмыстары жалғасуда. Мамыр айында Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесінде жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бірінші жартыжылдықта Әлия мен Мәншүк скверін қайта реконструкциялау жұмыстары басталады. Тағы алты сквер мен Дүйсенов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы модернизацияланады әрі көгалдандырылады.


«Халық қатысатын бюджеті» бағдарламасы бойынша 800 млн теңгеге 39 жоба іске асырылды. 2023 жылы тұрғындардың өтінімдері бойынша ең көп дауыс жинаған 17 жоба орындалатын болады.


Алматы әкімі ағымдағы жылы қаланың барлық аудандары үшін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру және оның тиімділігін арттыру үшін қосымша 7 млрд. теңге бөлінетінін атап өтті.


Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53