Алматы академиясының курсанты 150 жас ғалымның ішіндегі үздіктердің бірі болды

Алматы академиясының курсанты 150 жас ғалымның ішіндегі үздіктердің бірі болды Сурет: Polisia.kz

106-топтың курсанты Елубай Мырзабек Ғылым қызметкерлері күніне және академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған жоғары оқу орындарының арасында ғылыми-практикалық конференцияда өзінің білімімен және сөз сөйлеуімен таң қалдырды.


Іс-шара Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Барлық қатысушылардың арасында ең жас болса да, Елубай Мырзабек конференцияның басқа қатысушылары үшін лайықты бәсекелес болды, ғылым мен білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі туралы өз жұмысын ұсынып, үшінші орынға ие болды», – деді Қазақстан Республика ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары Ержан Бимолданов.



Бұл конференцияға академияның “CiberPol” ғылыми-зерттеу үйірмесі аясында Елубай Мырзабектен басқа Мәди Мұстафа, Нұржан Орысбай, Камилла Абдулина, Айдын Бегалы қатысты, олардың таланттары мен перспективаларын сарапшылар елеп, сертификат табыстады.



«Біздің курсанттар киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар саласындағы терең білімдерін ғана емес, сонымен қатар көпшілік алдында дәлелді сөйлей білетіндіктерін көрсетті. Олардың жас ғалымдар мен өз ісінің мамандары ретінде жарқын болашағы бар екеніне сенімдіміз», – деп атап өтті Ержан Бимолданов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09