Әлемдегі ең беделді ғалымдар қатарында қазақстандық профессор да бар

Әлемдегі ең беделді ғалымдар қатарында қазақстандық профессор да бар Сурет: Aikyn.kz

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың» рейтингіне енді.


Бұл көрсеткішті жыл сайын Америка Құрама Штаттарының Стэнфорд университеті сарапшылары жасап шығарады. Онда әлеуметтік желіде ең көп қаралып, сілтеме жасалған еңбектер сараланады. Қазақстандық ғалымның «Мырзақұлов теңдеуі» мен «Мырзақұлов гравитациясы» деп аталатын еңбектері шетелдік мамандарды қызықтырып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Стэнфорд университетінің сарапшылары бұл рейтингті Elsevier (Эльсевир) ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сүйене құрастырады. Онда әлемдегі ең үздік ғалымдардың еңбектері екі санат бойынша бағаланады. Біріншісіне бүкіл еңбек жолында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісіне соңғы жылдары жасаған еңбегіне көп сілтеме жасалған ойшылдар бағамдалады . Осылайша, академик Ратбай Мырзақұлов  астрофизика- гравитация- космология бойынша зерттеулері үшін бірден қос тізімге енді.



«Ғылым деген - үлкен бәсеке. Бүкіл дүние жүзінің мемлекеттерінің, Еуропа, Америка, Азияның үлкен мемлекеттерінің ғалымдарымен конкуренцияға түсіп, солардың алдына шығып, екі пайызына кіру - біз үшін үлкен мәртебе. Ол - біз үшін берілген обьективтік баға », - дейді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ратбай Мырзақұлов.



1998-99 жылдары америкалық ғалымдар планетаның үдемелі түрде кеңейіп бара жатқандығын дәлелдейтін мақалаларды жарыққа шығара бастайды. Ол пікір қайшылығын туындатып, эскперимент түрінде  дәлелденсе де, теорияда ешкім дәлелдей алмайды. Бүкіл әлем ойшылдары назарға алған ілімді, қазақстандық ғалым Ратбай  Мырзақұловта зерттейді. Нәтижесінде, ол Эйнштейннің кеңітілген теориясын жасап шығарады. Физик өз еңбегін «Мырзақұлов гравитациясы» деп атайды. Дәл осы еңбек шетелде танымалдылыққа ие болып, басылымдарында 10-нан аса мақала жазылған.



«Мырзақұловтың теориясы барлық міндеттерді өте қызықты түрде сипаттайды. Ол нақты дәлелденіп жазылған. Оны әр түрлі елдің ғалымдары белсенді түрде зерттеуде, сондықтан ол әлемдегі ең беделді ғалымдардың, ең көп сілтеме жасалған ғалымдарының тізіміне енді», - дейді ЕҰУ«Жалпы және теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі Қобланды Ержанов. 



Бүгінде Ратбай Мырзақұлов - 400-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Оның 300-ден астам мақаласы шетелдік баспаларда жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31