Алатау ауданында көп салалы аурухана салынады - Ерболат Досаев

Алатау ауданында көп салалы аурухана салынады - Ерболат Досаев Сурет: Almaty-akshamy

Медициналық қызмет көрсету сапасы артады


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында денсаулық сақтау саласының дамуы жайлы кеңінен тоқталды, деп  хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында және емханалардың әр тұрғынға жақын орналасуы үшін биыл Саялы шағын ауданы мен Қарасу шағын ауданында күніне 200 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынбақ. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін компанияларды анықтауға байқау жарияланды. Құрылыс осы жылдың қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың маусымында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде Алатау ауданында көпсалалы аурухана жоқ. Алматы қаласының әкімі Алатау ауданында көпсалалы аурухана салуға шешім қабылдады» - деді Ерболат Досаев.



Қала басшысы мәлім еткендей, мұнда перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары болады. Келесі жылы көпсалалы аурухананың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады.  Хххъ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09