«Alatau-Aqparat» пен Бөкетов университеті меморандумға қол қойды

«Alatau-Aqparat» пен Бөкетов университеті меморандумға қол қойды Суреттер: Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университетінің фейсбук парақшасынан

Медиабілім беру жағдайындағы журналистика және PR


Осындай атаумен Бөкетов университетінің филология факультетінде журналистика кафедрасының 30 жылдығына арналған форум өтті. Салтанатты жиын кафедрада қызмет еткен ұстаздардың, түлеп ұшқан түлектердің басын қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Форумға «Alatau - Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы қатысып, өз ұсынысын айтты. Бұдан былай «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс»  студенттері «Almaty Aqshamу», «Вечерний Almaty» басылымдары мен медиахолдинг  сайтынан өндірістік іс-тәжірибеден өте алады. Енді Е.А.Бөкетов университеті мен «Alatau - Aqparat» медиахолдингі екіжақты меморандум аясында бірлесіп жұмыс жасай алады.









Өз сөзінде Ержан Қалымбайұлы: «Қазіргі уақытта журналистер ұлттық журналистикаға, ақпараттық саясаттың қалыптасуына, мемлекеттік сананың орнығуына өздерінің қалам қарымымен табысты еңбек етеді. Әріптестеріміз Қазақстанда ғана емес, шет мемлекетте де жемісті қызмет етуде. Журналистика саласында ғана емес, мемлекеттік қызметте, бұқарамен байланыс, үкіметпен байланыс саласында да еңбек етіп жүрген әріптестеріміз жетерлік. Біз әрқашан Бөкетов университеті журналистика кафедрасының түлегі екенімізді аса мақтанышпен айтып жүреміз. Алдағы уақытта да осы қарашаңырақта өз ісінің хас шебері атанатын, білімді де білікті мамандар шығатынына сеніміміз мол», — деді.





Іс-шараның басында форум қатысушылары журналистика кафедрасының тарихы жайлы қысқаметражды фильмді тамашалады. Жиында қаламы қарымды журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебінің академигі Зарқын Тайшыбай «Осыдан 30 жыл бұрын Қазақ ұлттық университетінен кейін Қарағанды Бөкетов университеті журналистика мамандығын ашу бақытына ие болды. Ақпарат майданында иықтаса қатар шайқасып жүрген журналистерге тек сәттілік тілеймін. Тәуелсіздікті ту етіп, қажырлы еңбек етіңдер. Жазарларың көп, сөздерің өтімді, еңбектерің жемісті болсын!» дей келе, сонау 1993 жылы өзі негізін қалаған журналистика кафедрасының тарихына кеңінен тоқталды.





Кафедрада ұстаздық қызмет еткен ардагер ұстаздар, бұқаралық ақпарат құралдарының тізгінін ұстаған өзге түлектер де университет қабырғасында өткен жылдардың естен кетпес ыстық естеліктерімен бөлісті. Жас ұрпаққа журналистиканың қыр-сырын үйреткен Қуандық Шамахай, Мағауия Сембай, Кәрім Сауғабаев, Мартбек Тоқмырза сынды тау тұлғаларды сағынышпен еске алды.


Журналистика кафедрасы отыз жылдың ішінде екі мыңға жуық түлекті қанаттандырды. Қазіргі таңда журналистика және қоғаммен байланыс мамандықтарында оқитын білім алушыларға екі профессор, екі қауымдастырылған профессор, 1 PhD доктор, тәжірибелі аға-оқытушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары саласының мамандары дәріс береді. Мамандардың теориялық білімімен қатар практикалық біліктілігі де жоғары. Студенттердің шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған. Оқу телевизиясы мен Buketov радиосында, Бөкетов университетінің баспасөз қызметінде, «Жастар әлемі» журналының редакциясында теориялық білімді практикамен ұштастырады. Түлектер жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз қызметтерінде, ақпараттық және жарнамалық агенттіктерде жемісті қызмет етуде.





Іс-шараның алғашқы ресми бөлімі аяқталғаннан кейін форумға қатысушылар үш секцияға бөлінді. Белгілі журналистер мен PR-мамандар журналистика теориясы мен практикасына, медиабілім беруге, медиаэтикаға және медиакоммуникацияның басқа да аспектілеріне қатысты өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49