Әйгілі Ромарио қайта оралды

Әйгілі Ромарио қайта оралды Сурет: Getty Images

Бразилияның даңқты футболшысы Ромарио шегеге ілген бутсыйын қайта киетін болды. 58 жастағы спортшының бұл әректке баруына қаржы тапшылығы емес, жүрек қалауы себеп болған деп жазады Globo юасылымы.


Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы Рио-де-Жанейроның «Америка» клубымен келісімшарт жасасқан. Клуб ел чемпионатының D сериясында өнер көрсетеді және ең қызығы, Ромарионың өзі – осы клубтың президенті.


Белгілі болғандай, Ромарио жастайынан өз ұлымен бір клубта өнер көрсетуді армандаған екен. Оның 30 жастағы баласы Ромариньо қазір «Америкада» өнер көрсетеді. Енді ол әкесімен жұп құрып ойнамақ.


Ал, ардагер футболшы өзіне тағайындалған жалақыны толықтай клуб бюджетіне қайта қайтаратынын мәлімдеді.


Ромарио – 1994 жылғы әлем чемпионы. Ол Бразилия құрамасында 70 матч өткізіп, 55 гол соққан. Гол саны жағынан Неймар, Пеле және Роналдодан кейінгі төртінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37