Айдың 4-інен 5-іне қараған түні «Үркер» ауады

Айдың 4-інен 5-іне қараған түні «Үркер» ауады almaty-akshamy.kz

Осы айда «Үркердің аууы», «Ақпан», «Бөрі сырғақ», «Үт», т.б. амалдар бар. Бұлардың әрқайсысы өз мінезін көрсетіп, аязы мен жел-дауылын бірге ала келеді. Ауа райы жиі құбылып тұр. Бір күн қар жауады, ертесіне ауа райы күрт өзгеріп жылынады, қар ериді, ал келесі күні аяз болып, көктайғақ көрініс береді.


Қала тұрғындары қыс түскелі бері биылғы қаңтар айындағыдай қатты азап шекпеген шығар. Қалың жауған қардан автокөлік тұрмақ, жаяу жүргіншінің өзі омбылап, жүре алмай қиналды. Қылаулаған қардың соңы көктайғаққа ұласты. Ол аз дегендей, қалың қарға қосымша жер сілкінісі орын алды. Түн ортасында болған тосын оқиға мамыражай күй кешіп думандатып жатқан алматылықтарды әп-сәтте жанталас шаққа жеткізді. Алып шаһарды дүр сілкіндірген дүрбелең жауапты тиісті органдардың кеңес-көмегі нәтижесінде сабасына түсті...



Айдың 4-інен 5-іне қараған түні «Үркер» ауады. Сол сәттен бастап қыстың 40 күндік шілдесі бітіп, жылылыққа бетбұрыс жасалады. Бірақ күн бірден бітіп, көктем шығып кепейді. Атақты «Ақпан» амалы бар. Ол айдың 10-ынан 15-іне дейін жалғасады. Оның «жылқышы», «ақ құрық» деген жанама аттары да бар. «Ақпан келді, жылқышы кірді, жылқышының өкпесі қатты болады, оны ренжітіп алмайық» деп, жылқышының сыбағасы ретінде кәрі жілік асып, қонақ қылатын болған. Осылайша «жылқышы» деп аталса керек. Жылқышының құрығына қатқан қырауға қарап «ақ құрық» деген атау берілген.



«Ақпан-тақпан алты күн,


Аяздатқан қатты күн...».


Немесе:


«Ақпан-тақпан алты күн,


Айғайлап соқса жеті күн...»;


«Бойшаң қызда боғақ қалды,


бойлы тоқтыда құйрық қалды», – деген сол кезден жеткен мақал-мәтелдер ақпан амалының адуынды мінезін аңғартса керек. Амал кезінде «жылқы сауырынан, сиыр бауырынан» деп жылқыны жабулап, сиырдың астына көң төгетін болған. Осы уақыт жыл ішіндегі ең суық, аязы қатты кез саналған. Қыстың шілдесі біткенімен, қытымыр күндер әлі алда. Қар қыламықтағанын тоқтатпайды. Аяздың бұрынғыдан да күшеюі мүмкін. Аптыға, асыға жеткен ақпанның ашу мінезін, асау қылығын көрсетуі тіпті де ғажап емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37