Адам қант ауруына шалдығып, ораза ұстай алмаса не істеу керек?

Адам қант ауруына шалдығып, ораза ұстай алмаса не істеу керек? Сурет: Polyclinika.ru

Ауру – ораза ұстамауға рұқсат ететін үзірлердің бірі.


Ораза кезінде жиі қойылатын сұрақтардың бірін Almaty-akshamy.kz Muslim.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Имам Нәсәфи «Кәнзу әд-Дақайқ» кітабында: «Аурудың асқынуынан қорықса, аузын ашуға рұсат» – деген.


Бірақ бұл ауруларды екіге бөліп қараймыз:


Біріншісі: Жазылатын ауру. Мұндай жағдайда ауызды ашуға болады. Кейін ауруынан айыққан соң қазасын өтейді. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «Ал кім науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын», – деген.


Екіншісі: Оразаға шамасы жетпейтін, созылмалы (хроникалық) ауру. Бұл жағдайда ораза ұстамай әр күніне підия береді. Алла Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында: «Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар мен созылмалы дертке шалдыққандар) підия ретінде бір жарлының тамағын беруі керек», – деген.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52