69 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

69 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі Сурет: ашық дереккөз

Алмалы ауданында жайлы қалалық орта құру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.


       Әкімдік 69 аула аумағына жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Атап айтқанда, 19 аулаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізсе, 50 ауланы ағымдағы жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар 47 аз қабатты тұрғын үйдің қасбетіне ағымдағы жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 4 үйдің қасбеті жөнделген. Ал қалғандары шілде айының соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«20 маусымға дейін Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін жайластыру аяқталады. Әлия және Мәншүк скверін абаттандыру мен реконструкциялауды бастап, осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Жалпы, осы жылдың сәуір айынан бастап әкімдік жасыл аймақтың бәрін автоматты суару жүйесімен жабдықтап, Дүйсенов атындағы жаяу жүргіншілер көшесі мен 7 скверді модернизациялау және көгалдандыру жұмыстарын бастады», - деді қала басшысы аудан тұрғындарымен кездесуінде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14