6 935 адамға қандас мәртебесі берілді

6 935 адамға қандас мәртебесі берілді Сурет: Egov.kz

Этникалық қазақтар негізінен оңтүстік облыстарға қоныстандырылған.


2021 жылғы 1 маусымға дейін  6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралған.



Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% - басқа елдерден.



 Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.


 Биылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 24%-ды және зейнеткерлер 19,5%-ды құрайды.


 Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:19

19:36

19:25

19:22

18:58

18:29

17:51

17:37

17:04

16:28

16:05

16:05

16:01

15:54

15:27

14:46

14:46

14:35

13:37

13:06

13:01

12:47

11:55

11:44

11:41