21 сәуірде Алматы жартылай марафоны өтеді

21 сәуірде Алматы жартылай марафоны өтеді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Биыл жартылай марафон жетінші рет өтпек.


2024 жылы 21 сәуірінде Алматы жартылай марафоны өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді.



Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады.


2024 жылы 4 қашықтық ұсынылады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы.


Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатыса алады. Жарыстың қалған қашықтығына 15 жастан бастап қатысуға болады.


Іс-шараның өткізілуіне байланысты 21 сәуірде сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жердегі жолдар ішінара жабылады.


Жолды жабу жоспары:



Сөре Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:00-де басталады. Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жол учаскесіндегі қозғалыс 21 сәуір сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.



Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 6:45-тен 09:10-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағындағы қозғалысқа шектеу жоқ.



Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 7:10-нан 08: 30-ға дейін толығымен жабылады.


Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 8:10-нан 10:40-қа дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.


Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 7:20-дан 09:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.


Сайын көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08: 00-ден 09:40-қа дейін жабылады. Батыс жағында көлік қозғалысына рұқсат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53