2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарында қазіргі бессайыс бағдарламасынан ат спорты алынады

2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарында қазіргі бессайыс бағдарламасынан ат спорты алынады Cурет: Olympic.kz

UIPM: Қазіргі бессайыс бағдарламасынан ат спорты алынады


Халықаралық қазіргі бессайыс одағы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарында қазіргі бессайыс бағдарламасынан ат спорты алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Токио Олимпиадасындағы жағдайдан соң, біз бұл мәселені жақсылап зерттедік. Нәтижесінде, өткен аптада Монакода өткен екі күндік кездесу кезінде комиссияның шешіміне сүйене отырып, конкурды басқа спорт түрімен алмастыратын болдық» - делінген хабарламада. 



Мұндай шешім қабылдауға Токио Олимпиадасында жылқыны ұрып жіберген германиялық бапкердің әрекеті себеп болған. Кейін белгілі болғандай, жаттықтырушы жануарды секірмегені үшін жазалаған. 


Конкур 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дейін алмастырылады. Жаңа формат Париж ойындарынан кейін таныстырылады. Әзірге, конкурдың орнына қандай бағдарлама келетіні белгісіз. 


Қазіргі бессайыс 1912 жылдан бері Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Жарыс бағдарламасына семсерлесу, жүзу, конкур және лазер-ран кіреді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56