2023 жылы Астанада 30-ға жуық жоба іске қосылмақ

2023 жылы Астанада 30-ға жуық жоба іске қосылмақ сурет:instagram

Бұл 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.


Биыл Елордаға 118 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылады. Нәтижесінде 30-ға жуық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.  



«Біз қаланың дамуына жеке инвестиция тартып жатырмыз. Биыл 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жеке инвестицияның жалпы көлемі 118 миллиард теңгеден асады. Екі мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім саласындағы бес нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы төрт жоба, спорт кешендері», - деп жазды әкім.




Бүгін Жеңіс Қасымбек Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге No1 индустриалды паркте болып, ондағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Олардың қатарында ModeX модульдік тұрғын үй құрылысы зауыты, мамандандырылған жабдықтарды құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар шығаратын зауыт бар.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53