194 мың қазақстандық шет елдерде еңбек етіп жүр

194 мың қазақстандық шет елдерде еңбек етіп жүр Сурет: ашық дереккөз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев бүгінде қазақстандықтар қай елдерде жұмыс істеп жүргенін айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Біздің міндетіміз – шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың заңды құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 194 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде еңбек етуде. Нақтылап айтқанда, Ресей Федерациясында –162 мың, Польшада –13 мың адам, Оңтүстік Кореяда –6 мың адам, Ұлыбританияда 5 мын адам жұмыс істеп жүр, - деді А. Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдермен ондағы ҚР азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдер жасауға бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр.


Оңтүстік Кореяда ел азаматтарын заңды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанды «Еңбекке рұқсат беру жүйесіне» енгізу мәселесі пысықталуда. Осы жүйе арқылы жұмысқа орналастыру migration.enbek.kz порталында тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Шетелде жұмыс істегісі келген адам алдымен тіл үйренуге, міндетті медициналық тексеруден өтуге, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көрсету үшін қосымша тиісті жұмысты еңбек ұтқырлығы орталықтары жүргізеді, - деді А. Ертаев.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53