16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Сурет: Ашық дереккөзі

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі


Қазгидромет 8 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


8, 9, 10 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады.


Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.


Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.


Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.


Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі болжанады.


Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.


Шымкент қаласында найзағай жарқылдайды Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.


Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.


Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.


Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі, 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі болжанады.


Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05