15 жасар қыз Тараз әуежайында ұсталды

15 жасар қыз Тараз әуежайында ұсталды Сурет: ашық дереккөз

SCAT әуекомпаниясының "Атырау-Тараз" бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тексеру барысында көлік полицейлері Атырау қаласының 15 жастағы тұрғынын анықтады. Ол ұшу кезінде ұшақ салонында электронды темекі шеккен.



"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сақшылар оған темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің және басқа да қауіпті психотроптық заттардың денсаулыққа зияндылығы туралы айтты. Сондай-ақ ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді. Бұдан бөлек, қыздың заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігімен, яғни кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген КПД хабарламасында.



Еске салайық, 2023 жылы Көліктегі ПД қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 45 962 азаматты, оның ішінде, әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 213, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 70 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37