13 облыста құжат сақтайтын орын жоқ

13 облыста құжат сақтайтын орын жоқ Сурет: Egemen.kz

Себебі, ондағы мемлекеттік архивтер 100% толған.


Мұндай деректер Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында келтірілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бүгінгі таңда республика бойынша архив қоймалары жүктемесінің орташа көрсеткіші - 91,2%. 2022 жылы ол 88,2% болған еді. Бұл ретте 13 облыстың (Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан, Абай) мемлекеттік архиві 100%-ға толған. Мысалы, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві 135% аузы-мұрнына дейін толды. Орта есеппен жыл сайын мемлекеттік архивтер 350-ден 400 мыңға дейін істі сақтауға қабылдайды. Мемлекеттік архив оқу залдары арқылы пайдаланушыларға 1 млн-нан астам іс беріледі. Мәселен, 2022 жылы мемлекеттік сақтауға 354 803 құжат қабылданды. Биыл 1 тоқсанда 71 139 құжат тапсырылды», - делінген есепте.



Мәлім болғандай, Қазақстанда белгіленген мерзімнен артық уақыт сақталып тұрған 1 млн 724 мың 387 құжат бар.



«Болашақта бұл құжаттар мемлекеттік архивте бос алаңдардың болмауына байланысты мемлекеттік сақтауға қабылданбауы мүмкін. Қалыптасқан жағдай ұлттық архив қорының және жеке құрамның сақталуына қауіп төндіреді», - деп мәселе көтерілген консультативтік құжатта.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11