Күзде 34 шақырым арық желісі қайта салынады

Күзде 34 шақырым арық желісі қайта салынады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Аудан бойынша тұрақты су басатын 12 учаске анықталды.

Жауын-шашын жауған кезде көшелерді су басу мәселесі бүгінгі күні де өзекті болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Анықтама: Райымбек даңғылы Аносовтан Аренскийге дейін, Райымбек даңғылы, Росыбакиев көшесінің бұрышы, Мақатаев көшесі Қожамқұлов көшесінен Жұмалиев көшесіне дейін, Механическая көшесі, Назарбаев даңғылымен қиылысы,Әйтеке би, Панфилов көшесінің қиылысы, Әйтеке би, Әбілқайыр хан даңғылы, Әйтеке би, Желтоқсан, Мақатаев, Масанчи көшелері.

Аталған учаскелерді су басу мәселесі ағымдағы жылдың қараша айында ТЖ желісі бойынша шешілетін болады. Бүгінде жұмыстар толық қарқынмен жүргізілуде. Мақатаев көшесінің бойындағы 3,6 шақырым коллекторды қалпына келтіру, 2,3 шақырым арық желілерін және Райымбек даңғылының бойындағы 1,6 шақырым канал салу көзделген.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың күзінде 52 учаскеде 34 шақырым арық желісін қайта құру және салу бойынша үлкен жұмыс басталады, ол 2024 жылдың соңына дейін жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсім жүргізілуде.