Күйші Қошқарбек Тасбергеновті еске алу кеші өтеді

Күйші Қошқарбек Тасбергеновті еске алу кеші өтеді
Сурет: Youtube.com

Қошқарбек Тасбергенов 1954 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Қазақстанның 30 жылдығы атындағы кеңшарда дүниеге келген.

2023 жылғы 25 қаңтар күні сағат 16.00-де мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында күйші Қошқарбек Тасбергеновті еске алу мақсатында «Қазақтың қайталанбас күй қыраны» атты дәстүрлі музыкалық кеш өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, күйші, композитор Нұрғиса Тілендиев: «Қазіргі кезде мен білетін және құрметпен қарайтын төрт домбырашы – өнер иесі бар. Алдымен айтайын, біріншісі де, бірегейі де – өзің. Одан кейінгі өзімнің жекеменшік бауырым Қаршыға, Алтайдың ақиығындай Мағауия, төртіншісі – даламның жасыл жусанындай қазақ иісі бар дарынды күйші Шәміл Әбілтаев», - деп бір кездері Сырдың дарынды ұлы Қошқарбек Тасбергеновке лайықты бағасын берген еді.

Ғибратты ғұмырында өнер әлемінің биік шыңына самғай білген Қошқарбек Тасбергенов жайында әлі талай айтылары да, жазылары да сөзсіз. Біздің айтарымыз, қазақтың күй өнерін жалғайтын осындай дарындардың ізін басар, қадамын жалғар өнерпаздар мен болашақ ұрпаққа насихаттау - баршамыздың міндетіміз.

Сіздерді «Қазақтың қайталанбас күй қыраны» атты  дәстүрлі музыкалық кештің құрметті қонағы болуға шақырамыз.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Нұркент 5/11

25 қаңтар, 2023 ж., сағат 16:00.

Қосымша ақпарат: 393-40-18, 87471024267

Instagram: @museum_multimediya

Facebook: Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы