«Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті

«Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті
Сурет: Egemen.kz

Челлендж қатысушылары Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.

Бүгін елорданың барлық білім беру ұйымында елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған челленджге қаланың 127 білім беру мекемесінен, 3000-нан аса домбырашы қатысты.