Құтқарушылардың тағы бір тобы Түркияға ұшады

Құтқарушылардың тағы бір тобы Түркияға ұшады
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға ұшады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

"Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар", - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде апаттан құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адам болды.

ТЖ министрі Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелтудің алдында нұсқаулық өткізді. Ол құтқарушыларға адамдарды іздеу және құтқару бойынша жауапты міндеттер жүктелгенін, сондай-ақ Түркия азаматтарының жер сілкінісінің салдарымен тезірек күресу мүмкіндігіне деген үмітін атап өтіп, құтқарушыларға туыстары мен жақындары арасына аман-есен оралуын тіледі.

"Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылар тәжірибелі мамандар, олардың азаматтарды құтқаруда және әртүрлі төтенше жағдайларды жоюда практикалық дағдылары мол", – деп атап өтті ТЖМ баспасөз қызметі.