Құтқарушылар алматылықтарды тауға шығудан бас тартуға шақырды

Құтқарушылар алматылықтарды тауға шығудан бас тартуға шақырды
Сурет: 24.kz

Алматыда нөсер жауады.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу тастады. Министрлік дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

23 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) және тұман күтіледі.

"Азаматтарды тауға шығудан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұраймыз", - дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, көлік иелеріне машиналарын ағаштардың, электр желілерінің және басқа да биік құрылыстардың астына қоймауға кеңес беріледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтіп, шығыста қар жауады.