Құс еті бір жылда 28%-ға қымбаттады

Құс еті бір жылда 28%-ға қымбаттады
Сурет: Нealthy-food-near-me.com

Құс етін өндіру бойынша Алматы және Ақмола облыстары көш бастап тұр.

Тамыз айының қорытындысына сәйкес, құс етінің бағасы бір жылда 27,9%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Тауық бағасы 25,9%-ға, тауық еті 28,5%-ға қымбаттаған.

Қымбатшылықты Маңғыстау облысының тұрғындары сезінген. Мұнда құс етінің бағасы бірден 43,8%-ға өскен. Одан кейінгі орындарда Ақтөбе (37,8%) және Павлодар (35,2%) облыстары бар. Тауық еті бағасының ең төменгі жылдық өсімі Қарағанды облысында (15%) тіркелді.

Тамыз айында дүкен сөрелері мен базарлардағы тауық бағасы килограммы үшін орташа есеппен 1,3 мың теңге болса, тауық етінің бір келісі 1,2 мың теңгеге сатылған.

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында жаңа сойылған немесе салқындатылған құс етінің өндірісі 64,2 мың тоннаға жеткен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға көп.

Сонымен қатар 75,9 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілген.

Құс етін өндіру бойынша Алматы және Ақмола облыстары көш бастап тұр.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, отандық компаниялар құс еті мен тағамдық қосымша өнімдерді 71,1%-ға қамтамасыз еткен. Былтырғы көрсеткіш – 68,9%.

Өндіріс 4,2%-ға өсіп, ет импорты 6%-ға қысқарды. Ішкі нарықта өндірісті өткізу көлемі 196,8 мың тоннаға жеткен. Бұл былтырғыға қарағанда 5,3%-ға артық.