Күршімде күн суық

Күршімде күн суық Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауа райына байланысты ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.


Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 7 қаңтарынан бастап Күршім ауданында қар мен боран тоқтамай тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 1.8-2 метрге жетті. Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажыратылды.


Қардың түсу нормаларының асып кетуін және елді мекендерге көлік қатынасының болмауын ескере отырып, Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.



"ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша жол жүруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған. Алайда боранға байланысты жұмыс істеу қиындық тудыруда", деді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.



Сондай-ақ, Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО бойынша ТЖ департаментінің Жоғары өтпелі техникасы келді.


Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.


Қолайлы ауа-райы жағдайлары белгіленгеннен кейін, 16 қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жіберілді.


Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28