Құрылыстың тығыз салынуына байланысты қоғамдық кеңістік пен абаттандыру мәселелері өзекті болып отыр

Құрылыстың тығыз салынуына байланысты қоғамдық кеңістік пен абаттандыру мәселелері өзекті болып отыр
Сурет:BAQ.KZ

Ықшамаудандардағы көптеген бос телімдерді абаттандыру жоспарлануда.

2022 жылғы «Халықтың қатысу бюджеті» жобасының аясында халықтың ұсынысы бойынша 800 млн. теңгеге 23 жоба іріктеп алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Аудан тұрғындарының өтініштерін талдау нәтижесінде сипаты бойынша өтініштердің жартысы учаскелерді абаттандыруға немесе аула аумақтарына жөндеу жүргізуге қатысты екенін атап өтемін», - деді Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы халықпен кездесуінде.

2022 жылғы «Халықтың қатысу бюджеті» жобасының аясында халықтың ұсынысы бойынша 800 млн. теңгеге 23 жоба іріктеп алынды (2021 жылы 22 жоба). Бұл жобаларда скверлерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын жөндеу, сондай-ақ бос жатқан учаскелерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Осылайша, 1, 3, 7, 8, 11 және  Мамыр-3, Ақсай-3Б ықшамаудандарындағы көптеген бос телімдерді абаттандыру жоспарлануда. Бүгінде Шалов бульварын абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Мамыр-1 ықшамауданында жаяу жүргіншілер аймағын орналастырудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары да басталды, ағымдағы жылдың соңына дейін Ақсай 2 ықшамауданындағы аллея абаттандырылады.

Сонымен қатар, 191 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Сайран көлінің мәселелеріне бөлек тоқталғым келеді. Абаттандыру жұмыстарына көлдің түбін тазалау мен жағалау аймағын ретке келтіру жатады. Бүгінгі таңда Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді, бөгеттің жағдайы туралы оң қорытынды бар. Шілде айында көл түбін тазалау бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз деп отырмыз. Жағалау аймағын дамыту үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту жұмыстары аяқталады деп күтіп отырмыз. Ағымдағы жылдың III тоқсанында көл түбін тазарту мен оны жақсарту үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарастырамыз», - деп атап өтті қала әкімі.