Құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді

Құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді Сурет: ашық дереккөз

Алматыда құрылыс заттарын сататын дүкен отқа оранды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 20 минуттың ішінде сөндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 16:16 шамасында өрт сөндіру бригадасы Түрксіб ауданы «Қайрат» ықшам ауданы, Түркістан көшесі 27, мекенжайына жоғары ранг бойынша шықты.



«Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндірушілер құрылыс материалдарын сататын дүкен аумағының 150 шаршы метр жері ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қабылданған шаралармен 16:33-те өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп, 16:42-де жойылды», деп хабарлады департаменттен.



Қазіргі уақытта, үйінділерді бөлшектеу, тұтанып тұрған құрылымдарға су төгу жұмыстары жүргізілуде.


Атқарылған шаралармен тауарлық-материалдық құндылықтары бар көрші сауда нүктелеріне оттың таралуына жол берілмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09