Құрылыс компаниялары сатылымды тоқтатуы мүмкін

Құрылыс компаниялары сатылымды тоқтатуы мүмкін
Сурет: Sputnik.kz

Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты теңге айтарлықтай әлсіреді, бұл жылжымайтын мүлік құнына да әсер етеді.

Сол себепті құрылыс компаниялары баспана құнын қайта қарау үшін жаңа тұрғын үйлерді сатуды уақытша тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының президенті Виктор Микрюковтың айтуынша, құрылыс материалдарының жартысынан көбі - импорт. Сондықтан ұлттық валютаның әлсіреуі тұрғын үй құнына әсер етеді.

«Бұл нақты емес (сатылымды тоқтата тұру). Компаниялар өздеріне зиян келтірмейді. Материалдардың 60%-нен астамы долларға сатып алынады және бағам дайын тұрғын үй құнына тікелей әсер етеді», - деп мәлімдеді Виктор Микрюков.

Мұнымен Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев те келісіп отыр. Оның айтуынша, жақын арада құрылыс материалдарының бағасы өседі. Бұл баспана бағасына әсер етеді.

Виктор Микрюков болса, кейбір материалдар арзандауы да мүмкін деген ойда. Өйткені олар Ресейден жеткізіледі, сатып алушы рубльмен есеп айырысады.