Құрғақшылық: Францияда картоп пен бал тапшылығы болуы мүмкін

Құрғақшылық: Францияда картоп пен бал тапшылығы болуы мүмкін
Сурет: Дереккөз

Жүзім ерте піскен

Францияда ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан сазды топырақта салынған үйлердің қабырғалары жарылып жатыр. Олар – шағын және ескі ауылдық ғимараттар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 
Еuronews таратқан ақпарат бойынша, жергілікті тұрғындар қабырғалардағы жарықшақтар төбенің опырылуына әкелуі мүмкін дейді. Сондай-ақ күннің ыстығына байланысты француз жүзімі мерзімінен бір ай бұрын піскен. Әдетте егін қыркүйек айының ортасында жиналады, енді егін жинау тамыз айында аяқталды.
Жайылымдарда ыстықтан шөптер қурап қалды, мал жейтін ештеңе жоқ. Көптеген фермерлер жануарларды қораларда ұстауға және қысқа жинаған жемшөп қорын жұмсауға мәжбүр.
Агросектор өкілдері биыл сүт кем дегенде 20%-ға аз болады деп ескертеді, Францияда картоп пен бал тапшылығы болуы да мүмкін.