Күніне төрт шәшке шай

Күніне төрт шәшке шай
Сурет: Pixabay.com

Шай пайдасын жоғалтпауы үшін күніне 4 шәшке шай ішсе жеткілікті екен.

Жуырда, мамырдың 21-інде Халықаралық шай күні атап өтілді. Шай ішпесе, басы ауыратын біздің халқымыз үшін бұл сусынның орны ерекше. Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельников дұрысында шайды қаншалықты мөлшерде ішу керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Маманның сөзінше, шайды ішкенде аздаған мөлшерде - тәулігіне, яғни күніне 4 шыныдан асырмау керек. Шайдың құрамындағы пайдалысы - минералдар, дәрумендер және күшті антиоксидантты таниндер. 

Бірақ, бір ескерте кететіні, егер шайды шектен тыс көп ішсе, ол ағзаның темірді сіңіруіне кедергі жасайды. Сондай-ақ, маманның айтуынша, шай құрамындағы кофеин  адамның ұйқысыздығына әкелуі мүмкін екен.