Күні кеше Парламент алдында ант берген сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды

Күні кеше Парламент алдында ант берген сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды
Сурет: Egemen.kz

13 қаңтарда Гүлмира Кәрімова СҚО-дан Сенат депутаты болып сайланған еді.

Сенатордың қазасы жайлы ақпаратты Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының баспасөз қызметі растады. 

«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», -  делінген хабарламада.