Құнарлы топырақты заңсыз өндірушілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Құнарлы топырақты заңсыз өндірушілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
tengrinews.kz

Наурызбай ауданының Қарағайлы шағын ауданында жердің құнарлы топырағын заңсыз өндірушілерге қатысты

29.03.2023 жылы сағат 12.50 шамасында полиция пультіне жергілікті тұрғыннан Қарағайлы ш/а-да қара топырақты заңсыз өндіру туралы  шағым келіп түсті, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Жер телімі селден қорғайтын плотинаның оңтүстік-батысында әрі жеке меншікте.

Ауданның табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері экология бөлімімен бірлесіп қылмыскерлердің  алдын алды. Бұл мәселе Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, аудан прокуратурасының және әкімдіктің бақылауында.

Аудан әкімдігі осындай фактілердің алдын алу,  оның ішінде темірбетон конструкцияларын, бейнебақылау жүйелерін орнату және т. б. арқылы кірме жолдарды жабу бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдауда.

Көрсетілген әрекеттер үшін "топырақтың құнарлы қабатын сату немесе оны басқа тұлғаларға беру мақсатында жою немесе заңсыз алу" Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.