Күн ыстық, серуенге шықпаңыз – ТЖД

Күн ыстық, серуенге шықпаңыз – ТЖД
Сурет: Ашық дереккөз

Инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті күннің ысуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМК-нің № 36 Дауылды ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында ыстық ауа   температурасы   сақталады. Күндіз 29  маусымда термометр  бағанасы + 35 ℃  -  + 37 ℃ дейін көтеріледі.

Ыстық ауа-райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті.

«Сыртқа шықпай,үйде болуға тырысыңыздар. Жүрекке салмақ түсipетiн дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданбаңыздар. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтап,  тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдарға қан қысымын үнемі бақылау қажет»,-делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарын  күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз!