Құмар ойынның құрығына түскен мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңге жұмсаған

Құмар ойынның құрығына түскен мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңге жұмсаған
Сурет: Egemen.kz

Бұны Алматы облысының прокуратурасы казинолар мен ойын автоматтарының жұмысын тексеру кезінде анықтады.

Құзырлы органның дерегінше, 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген. Тізімде Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігі көш бастап тұр. Қызметкері ойынқұмар ведомстволардың ішінде Жоғарғы Сот, Қаржы мониторингі агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де бар. Казиноға барудан жергiлiктi атқарушы орган мамандары да қалысар емес, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:

ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;

ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;

ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;

ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;

Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;

Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн.

Алматы облысы прокуратурасының дерегі