Құлақтарыңызға алтын сырға: Алматыда егде жастағы әйелдердің алтын сырғасын күштеп тартып алушы ер адам ұсталды

Құлақтарыңызға алтын сырға: Алматыда егде жастағы әйелдердің алтын сырғасын күштеп тартып алушы ер адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Жаға ұстататарлық жағдай: ер адам 60-тан асқан әйелдердің құлақтарындағы алтын сырғаларын тонап келген

Бұл әрекетін ол еш қымсынбастан тапа-тал түсте жасаған. 37 жастағы қарақшы әжелерді бас салып. құлақтарындағы сырғаны күштеп тартып алған. Оның кейбір осындай әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған азамат әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Аталған дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ол бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тергеушілер оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.