КВИ жұқтырғаныңызды анықтайтын бетперде керек пе?

КВИ жұқтырғаныңызды анықтайтын бетперде керек пе?
Сурет: Нotdealssa.co.za

Америкалық сарапшылар ерекше бетперде ойлап тапты, ол маска таққан адамның коронавирустың жаңа түрін жұқтырған-жұқтырмағанын анықтай алады.

Бұл туралы дүйсенбіде Массачусетс технологиялық институтының сайтында жарияланған мақалада айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Институт мамандары Гарвард университетінің әріптестерімен бірлесіп жасаған масканың алынбалы сезбегі (датчик) бар. Ол сезбекті зертхана қызметкерінің халатына немесе басқа да киімге тігуге болады.

Сезбек бетпердені таққаннан кейін шамамен бір жарым сағат өткен соң нәтиже береді. Оның көрсеткіштерін  айналадағы адамдарға көрінбейтіндей етіп қосуға болады.

Басылымның мәліметінше,  осындай сезбектер бірнеше жыл бұрын жасалған және бұған дейін Эбола және Зика вирустық инфекцияларын анықтау үшін қолданылған. Оны басқа вирустарды да анықтайтын етіп өзгертуге болады.

Федералды және жергілікті органдардың ақпараттарының негізінде қорытынды шығаратын Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша,  эпидемия басталғаннан бері АҚШ-та коронавирустық инфекцияның 33,6 миллионнан астам жағдайы анықталып, 604 мыңнан астам адам қайтыс болған.