КВИ зардабы

Ковидпен ауырып шыққан қазақстандықтар дәрігер-мамандарға есту, көру қабілетінің төмендегенін айтып шағымданады екен. Ал көпшілігінде шаштары түсетін көрінеді.

«Ауруы асқынғандардың ішінде ұзаққа созылатын жөтел, ентігу, иіс сезу және  есте сақтау қабілетінің төмендеуі, депрессия және егде жастағы адамдардың ақыл-есінің төмендеуі байқалады», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы С.Қасенова. Сондай-ақ, адамдардың шамамен 20%-ында аурудың белгілері мен клиникалық көріністері ұзақ уақыт  сақталатынын айтты. «Бізде әлі нақты деректер жоқ, дегенмен, коронавирустың түрлі көріністері үш ай көлемінде сақталуда, ал ауыр науқастар үшін олар екі жылға дейін сақталуы мүмкін», – дейді дәрігер.

Ұзақ мерзімді симптомдарға тұрақты жөтел, субфебрильді температура, ентігу, әлсіздік, кеудедегі ауырсыну, қатты жүрек соғысы, бас ауруы, дәм, иіс сезбеу, бас айналу, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, көңіл күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы жататыны белгілі болды.

Мамандар Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының «Постковид синдромы» жобасын жүзеге асырып жатқанын да айтты. «2020 жылдың қазан айынан бастап орталықтың базасында постковидтық синдроммен ауыратын науқастар тексерілуде. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде біздің орталық базасында елдегі КВИ-ге байланысты жағдайды ушықтырмай, жақсарту үшін пилоттық жоба ретінде елдегі алғашқы постковидтық орталық ашылды. Былтыр желтоқсан айында 400-ден астам адам тексерілді, оның ішінде 312-сі – ересектер, ал 100-і – бала», – деп атап өтті Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының қабылдау бөлімінің бастығы А.Тәуекелова.

Думан АМАНЖОЛҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *