Кви вирустық емес гепатиттің дамуына себеп болуы мүмкін

Кви вирустық емес гепатиттің дамуына себеп болуы мүмкін
Сурет: Gov.kz

Американдық зерттеушілер осындай мәлімдеме жасады.

Коронавирус вирустық емес гепатиттің дамуына себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді АҚШ дәрігерлері, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Себебі емдеу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер бауырға әсер етеді. Мұндай гепатит дәрілік немесе токсикологиялық болып жіктеледі.

«Сонымен қатар, коронавирус АСЕ2 рецепторларымен тек өкпеде ғана емес, бауырдағы өт жолдарында да әрекеттеседі. Осыған байланысты олар ағзаға жеңіл ене бастайды. Бауырдан шыққанның бәрі қайта айналып, оны зақымдай бастайды, бұл гепатитке әкеледі», -делінген хабарламада.