КВИ-ға қарсы вакцина салдырған алматылықтардың саны артты

КВИ-ға қарсы вакцина салдырған алматылықтардың саны артты
Сурет: Interfax.ru

Соңғы мәліметтер бойынша,1 186 646 алматылық екпе алған.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 1,2 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 550 417 адам, екінші компонентін 9 330 780 адам салдырды»,- делінген  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында. 

Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын 1 233 381 адам, екінші дозасын 1 183 829 адам салдырғанын хабарлады.

Оның ішінде, бірінші компонентімен жасөспірімдердің 871 036-сы, жүкті әйелдер 41 390-ы, бала емізетін аналардың 145 131-і қамтылған.

Екінші компанентті жасөспірімдердің 852 733-і, жүкті әйелдердің 39 106-сы, бала емізетін аналардың 140 807-сі салдырды.