КВИ-ден 14 583 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр

КВИ-ден 14 583 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр
Сурет: Almaty-cgkb.kz

Оның ішінде  79 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып, коронавируске  шалдыққандардың арасында 521 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

11 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 951 адам коронавирус инфекциясынан (–20 890 + және 1061 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 368 пациент стационарда, 14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 521 адамның жағдайы ауыр,
• 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 79 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.