Әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 342,5 миллионнан асты

Әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 342,5 миллионнан асты
Сурет: Business FM

COVID-19 инфекциясынан әлемде вирус тарала бастағаннан бері 5 574 351 адам қайтыс болды.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, жұма күні таңертең әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 342 596 024-ке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz INTERFAX.RU сайтына сілтеме жасап.

20 миллионнан астам COVID-19 жұқтырған көрсеткіші бар елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

Университеттің айтуынша, жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша  Америка Құрама Штаттары алда тұр, онда COVID-19 жұқтырған 69 308 600 адам анықталды. Қайтыс болғандар саны 860 248 адам.

Үндістан індет жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр, онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 38 566 027-ге жетті, елде вирусты жұқтырудың салдарынан қайтыс болғандар саны 488 396.

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында Бразилия, ол елде  23 595 178 адам кви жұқтырған, оның 622 476-сы қайтыс болған.

Әлемдегі маңызды оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының мәліметі бойынша, жұма күні таңертең жер шарындағы 1 миллион адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 717,6 болды. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шаққанда 2646 адам, Үндістанда – 349, Бразилияда – 2895 адам қайтыс болды.