Балалардағы COVID-19 бес айға дейін созылуы мүмкін

Балалардағы COVID-19 бес айға дейін созылуы мүмкін
Сурет: Inbusiness.kz

Даниялық ғалымдар тобы балалар арасында ұзақ COVID-19 деп аталатын аурудың өту барысына зерттеу жүргізді.

Мамандардың зерттеуінше, 17 жасқа дейінгі балалардағы лонг-ковид алты айға жуық уақытқа созылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Известия сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер науқастарда коронавирустық инфекция белгілері аурудың жедел кезеңінен кейін төрт аптадан астам уақыт бойы сақталатын жағдайларды, сондай-ақ үш айдан астам уақыт бойы байқалатын пост-ковидтік синдромның көріністерін қоса зерттеген.

«Көп жағдайда «ұзақ мерзімді» COVID-19 белгілері бір айдан бес айға дейін созылады», - деп жазды ғалымдар жұмыс нәтижелері туралы мақалада.

Зерттеуге 30 000 бала қатысты: жартысы коронавируспен ауырған, қалғандары бақылау тобында болды. Қатысушылар ата-аналарының көмегімен немесе өз бетінше оларда кездесетін белгілер мен аурудың ұзақтығы туралы сұрақтарға жауап берді.

Аурудан айыққан мектеп жасына дейінгі балалардың (бес жасқа дейінгі балалар) 17,6%-ы,  ал мектеп оқушыларының (алты жастан 17 жасқа дейін) 28,2%-ы төрт аптадан астам уақыт бойы COVID-19 белгілерін сезінді. Сонымен қатар, бақылау тобындағы мектеп жасына дейінгі балалардың 14,8%-ы және мектеп оқушыларының 27,2%-ы төрт аптадан астам әр түрлі жағымсыз белгілерді бастан кешірді.

Бұл балаларда аурудың ұзақ болуы тек коронавирустық инфекциямен ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа аурулармен немесе психологиялық факторлармен байланысты болуы мүмкін. Мұның әсері бақылау тобын анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу авторлары бақылау тобындағыларға қарағанда, коронавируспен ауырған мектеп оқушыларының арасында симптомдар тек 0,8%-ға ғана төрт аптадан астам сақталатынын атап өтті.