«Спутник Лайт» препаратының 150 000 дозасы "СҚ-Фармацияға" жіберілді

«Спутник Лайт» препаратының 150 000 дозасы "СҚ-Фармацияға" жіберілді
Сурет: Inbusiness.kz

Препарат Ресей Федерациясынан жеткізілді.      

Бүгін «Қарағанды фармацевтикалық кешені»  ЖШС азаматтарды ревакцинациялау үшін Covid-19 вирусына қарсы бір компонентті «Спутник Лайт» препаратының 150 000 дозасын "СҚ-Фармация" хабтарына жіберді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қарағанды фармацевтикалық кешеніне сілтеме жасап.

Бұл партия-коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында ҚФК акционерлерінің шешімімен бөлінген гуманитарлық көмек.

Гуманитарлық көмек Қарағанды фармацевтикалық кешенінен «СҚ-Фармация» қоймасына жөнелтілді.

ҚФК-нің температуралық режимі -35С болатын тоңазытқыш камерасынан салқындату тізбегін қатаң сақтауға арналған жабдық орнатылған мамандандырылған рефрижераторларға тиелген вакцина бірыңғай дистрибьютордың логистикалық хабтарына жөнелтілді.

Препарат бүгін қоймаларға жеткізіледі және одан әрі ел өңірлері бойынша бөлінеді. ҚФК негізгі қызметі әлеуметтік мәні бар аурулар - гемофилия, онкология, вирустық гепатиттер, қант диабеті, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеуге арналған биотехнологиялық дәрілік препараттардың биотехнологиялық желісін өндірумен байланысты. Кәсіпорын 2005 жылдан бастап жұмыс істейді.