Қай өңірдің екпе алу деңгейі төмен?

Қай өңірдің екпе алу деңгейі төмен?
Сурет: Gov.kz

Бұл сұраққа бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі жауап берді.

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният вакцинациялау деңгейі төмен өңірлерді атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Елімізде халықты вакциналау жалғасуда. Бүгінгі күні 1-ші компонентпен 9,5 млн астам адам егілді. Егілуге тиісті ересек тұрғындардың 79,6 пайызды қамтылды. Екінші компонентпен 8,8 млн астам адам егілді. Егілуге тиісті ересек тұрғындардың 75,8 пайызын құрады. Барлық халық санының ішінде бірінші компонентпен қамту 50, екінші компонентпен қамту 46,5 пайызды құрады», - деді миинстр. Сонымен қатар ол егілуге тиісті халықты вакцинамен қамту өңірлер бойынша әр түрлі деңгейде екендігін атап өтті. «Еліміздің үш өңірінде – ШҚО, Жамбыл, Түркістан облыстарында егілуге тиісті халықтың 100 пайыздан астамы бірінші компонентпен қамтылған. Еліміздің төрт өңірінде - Шымкент, Алматы қалаларында, Қызылорда облысында, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында егілуге тиісті халықтың 75 пайыздан астамы егілген. Жеті өңірде – вакцинациямен қамту 60 пайыздан 72 пайызға дейін. Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакцинациямен қамту деңгейі 60 пайыздан төмен», - деді Ажар Ғиният.